29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында «Күшіміз бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойыны өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оған бұған дейінгі жиын кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен командалар қатысты. Әскери-тактикалық сценарий мүмкіндігінше нақты жағдайларға жақындастырылған. Жауынгерлік бұйрық алғаннан кейін қатысушылар іс-қимыл үйлесімділігін, жергілікті жерді бағдарлау, топтағы өзара іс-қимыл, шартты түрде жараланғандарды эвакуациялау, кедергілерді еңсеру және дағдарыстық жағдайларда тактикалық ойлай білу машықтарын көрсетті.
Мұндай сынақ күш-қуат тұрғысынан шыңдалуға, сондай-ақ командада бір-біріне дем беруге, тәртіп пен сенімнің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. Болашақ Отан қорғаушы осылай қалыптасады, – деп атап өтті «Айбын-2025» лагерь жиыны штабының бастығы подполковник Дәулет Бейсеков.
Төзімділік емтиханына айналған ойындар командалық үйлесімділік пен көшбасшылықты дәлелдей білді. Көптеген жасөспірімдер үшін бұл әскердегі ұжымдық іс-қимылдың алғашқы тәжірибесі болды.
«Айбын» әскери-патриоттық жиынына алғаш рет қатысып отырмын. Біздің команданың көшбасшы атанып, әскери-далалық ойындарда бақ сынасқанын мақтан тұтамын. Мұнда біз сарбаз ретінде командирдің бұйрығын бұлжытпай орындаудың қаншалықты маңызды екенін сезіндік, – деді семейлік жас патриот Жақан Абзал.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек