Күрестен үш дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды елордалықтар әуежайдан күтіп алды

30 Қазан, 11:42 349

Чемпионды Астана әуежайынан жанкүйерлері мен жақындары сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Ұлттық құраманың спортшысы финалда ирандық қарсыласы Махди МұхарамӘли Морафаны жеңді. Осылайша, Ризабек Айтмұхан үш түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ балуаны.

Айта кетейік, Ризaбек бұған дейін 8 қыркүйекте 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында да жеңімпаз атанған еді. Өткен жылы 92 келі салмақта ересектер арасында Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпионы болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Диана Орынбасар
Бөлісу: