30.11.2023
23:06
1958
Күрестен 2024 жылғы Қазақстан біріншілігін қабылдайтын қала анықталды

Күрестен 2024 жылғы Қазақстан біріншілігін қабылдайтын қала анықталды

Күрестен 2024 жылғы Қазақстан біріншілігі Астанада өтеді. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Лицензиялық турнирлер қарсаңындағы дүбірлі сын 5-11 ақпан аралығында өтпек. 

Қазақстан чемпионатында топ жарған олимпиадалық салмақтағы спортшылар Париж ойындарының жолдамасына таласады. 

Олимпиадаға іріктеу турнирлері 19-21 сәуір аралығында Бішкекте, 9-12 мамыр аралығында Ыстамбұлда өтеді. 

Айта кетелік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында әзірге екі жолдама бар. Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен грек-рим күресінің өкілі Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) Белградтағы әлем чемпионатында лицензия иеленген болатын.