02.09.2024
16:51
1086
Күрестен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты басталады

Күрестен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты басталады

Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі басталады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, алғаш болып кілемге грек-рим күресінің өкілдері шығады.

Атап айтар болсақ, бірінші жарыс күнінде балуандар 55, 63, 77, 87 және 130 келі  салмақта бақ сынайды. 

Әлем біріншілігі 8 қыркүйекте мәресіне жетеді.