15.08.2025
01:31
664
Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатында кімдер белдеседі

Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатында кімдер белдеседі

17-24 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында U20 жас санатында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Аталған әлемдік додада Қазақстан әйелдер құрамасының атынан тоғыз балуан өнер көрсететіні белгілі болды. 

Ұлттық құраманың бапкерлері жаһан біріншіліоіне қатысатын спортшылардың тізімін бекітті. 

50 келі: Мейрамгүл Ахметжан

55 келі: Алиана Махамбетова

57 келі: Анна Стратан

59 келі: Әнел Шоқабаева

62 келі: Айдана Шораева

65 келі: Қыз-Жібек Жарқынбаева

68 келі: Сабина Төрей

72 келі: Мейрамгүл Мақсот

76 келі: Алина Ертөстік.