10.07.2025
11:11
5643
Күрделі жөндеу көрмей 1 млн шақырым жолды жүріп өткен көліктер

Күрделі жөндеу көрмей 1 млн шақырым жолды жүріп өткен көліктер

Әдетте көптеген көлік бірнеше жүз мың шақырымнан соң-ақ күрделі жөндеуді талап ететін жағдайға жетеді. Дегенмен бұл сынақтан сүрінбей өтіп, 1 миллион қашықтықты ешбір қиындықсыз жүріп өткен темір тұлпарлар бар. Autocar солардың тізімін жасаған, деп хабарлайды El.kz интернер порталы.

Жүрілген көліктердің үздіктері

Lexus LS 400 (1996)

Америкалық автошолушы Мэтт Фарах 1,44 млн шақырым жүрген Lexus LS 400 сатып алды. Бұл седан Toyota-ның V8 1UZ-FE бензин қозғалтқышымен жабдықталған. Фарах 1 миллион миль (шамамен 1,61 миллион шақырым) межесін еңсеремін деген мақсатын 2019 жылы орындады. Осы уақыт ішінде қозғалтқыш ешқашан күрделі жөндеуден өтпеген.

Mercedes-Benz 240D (1981)

АҚШ тұрғыны Пол Харман Mercedes-Benz 240D дизельдік көлігін күнделікті жүріс үшін пайдаланған. Оның көлігі 2 миллион шақырымнан астам жол жүрген. Ұзақ мерзімді қызмет көрсетудің басты құпиясы ­– қатаң техникалық қызмет көрсету тәртібі. Харман әр 5 000 шақырым сайын май ауыстырып отырған. Осы уақыт аралағында ілініс (сцепление) пен стартер ғана ауыстырылған.

Saab 900 SPG (1989)

Америкалық Питер Гилберт сирек кездесетін Saab 900 SPG нұсқасымен 1,5 миллион шақырымнан астам жол жүріп өткен. Бұл көлік негізінен аймақ ішіндегі жұмыс сапарларына пайдаланылған. Жануарлармен соқтығысқанына және көліктің жылына қарамастан, ол әлі де қозғалыста. Кейінірек көлік Висконсиндегі Автокөлік мұражайына берілген.

Honda Accord (1990)

Мэн штатынан Джо Лосисеро Accord-ты 119 мың шақырым жүрілген күйде сатып алып, оны 1,5 миллион шақырымға дейін жеткізген. Көлік инспекциялық сапарлар үшін пайдаланылған. Ал бұл рекордтық көрсеткішке жетуге жүйелі техникалық қызмет пен зауыт нұсқауларын қатаң сақтау көмектесті. 2011 жылы оған жаңа Accord сыйға тартылды.

Hyundai Elantra (2013)

Канзас штатындағы курьер Фарра Хейнс Elantra-мен күніне орта есеппен 880 шақырым жүріп отырған. Бес жыл ішінде көлік жүрісі 1,5 миллион шақырымнан асты. Hyundai компаниясы бұл мәліметті ресми түрде растады және 2018 жылы оған жаңа көлік сыйға тартты. Мұнда да техникалық қызмет көрсетілу кестеге сай жүргізілген.

Chevrolet Silverado (1991)

Висконсин тұрғыны Фрэнк Оресник бұл пикапты 66 мың шақырым жүрген кезде сатып алып, оны жұмысқа барып-келуге пайдаланған. Орта есеппен жылына 129 мың шақырым жүрген. 12 жылдан кейін жүріс 1,5 миллион шақырымға жетті. Ол жаңа көлік сатып алып шығындалмас үшін барынша ұқыпты айдауға тырысқанын алға тартқан.

BMW 325i (1990)

Mobil Oil компаниясы бұл модельді мотор майын сынау үшін зертханалық жағдайда пайдаланған. Бірнеше жыл ішінде көлік 1 миллион шақырым жүріп өткен. Көлікке зауыттық талаптарға сай қызмет көрсетілген, ал қозғалтқыш ешқашан күрделі жөндеуден өтпеген. Дегенмен бұл көлік жолда емес, тек зертханада пайдаланылған.