Күніне жүзге жуық адам зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданады – Шерхан Арапбай

5 Тамыз, 12:01 584

Әлемді алаңдатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі елімізде де өзектілігін арттырып келеді. Мемлекет басшысы да тереңірек мән беріп, зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейтетін заңға қол қойды. «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі де бұл көкейкесті мәселеден айналып өткен жоқ.  Бірлестіктің Астана филиалы тоғыз айдан бері  «Қоғамда зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыру» тетігін зерттеп шықты. Жоба Астана қаласының Полиция департаментінің қолдауымен жүзеге асты. Осы орайда «Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қалалық филиал басшысы, «TATULYQ» әлеуметтік жобасының  жетекшісі Шерхан Арапбаймен сұхбаттасып, зерттеу нәтижелерін сұрап білдік.

Биылғы жылдың соңғы 6 айында Астана қаласына қарасты Алматы ауданының өзінде телефон арқылы 1515 шағым келіп түскен. Әкімшілік жазаға тартылғандар саны 1727 құраса, сот тарапынан 1637 іске шешім шығарған. Жалпы Астана қалалық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қалада  бір тәуліктің өзінде 40-70-тің арасында қоңырау шағымы келіп түсетіні және оның 20 мен 40-қа дейінгі шағым сот ісіне қаралуға жолданады екен. 

Жұбайлар бар әңгімесі таусылған...

Алматы ауданының өзінде маусым айында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы бойынша 191 шағым түссе, 229 рет әкімшілік айып тағылған, 91 адамға сот үкім шығарған. Яғни, арнайы заң қабылданып, жаза қатайса да бұл отбасылардың салауатты қарым-қатынасын қалыптастыруына әзірге ешқандай оң нәтижесін бермеген. Бұдан шығар қорытынды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін отбасындағы адамдардың эмоционалды және коммуникациялық сауатын ашу қажет екендігін көрсетеді.

«Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қалалық филиалы және еліміздің беделді сарапшылары, Астана қаласының Полиция департаментімен бірлесіп Астана қаласында 3 ай сараптамалық зерттеу, 6 ай бойы тәжірибелік зерттеу жүргізу барысында бұл жайтқа өзіміздің де көзіміз жетті. «TATULYQ» - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы әлеуметтік жобасының аясында 148 жәбір көрсетушіге «Астана қаласының Уақытша ұстау изоляторында» кездесулер мен тренингтер өткізілді. 52 жәбірленушіге офлайн әрі онлайн өткізілген психотерапиялық кездесу барысында және олармен  тығыз жұмыс жасау нәтижесінде отбасылық кикілжің туындағанда оны дер кезінде талқылап, сөйлесіп, салауатты шеше алмаудың кесірі  -  зорлық-зомбылыққа алып келетіні анықталды, - дейді «Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қалалық филиал басшысы, «TATULYQ» әлеуметтік жобасының  жетекшісі Шерхан Арапбай.

Фото: «Сенімен Болашақ» РҚБ

Жобаның өзегі – үш деңгейлі зерттеуде

Шерхан Арапбайдың айтуынша, жоба барысында барлық қатысушылар арасында үш деңгейлі зерттеу жүргізілді:

Қандай мәселелер кикілжіңге алып келеді?

«TATULYQ» әлеуметтік жобасын жүргізу барысында кикілжің неден басталатынын анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде отбасылық дәстүрлер мен отбасының ынтымағын арттыру үшін отбасылық қағидаларды  қалыптастырудың маңызы зор екені белгілі болды.

Атап айтсақ: туған күнге арналған шараларды бірге тойлауды 67%-ы, киноға отбасымен бірге баруды 37%-ы,  ойын-сауық саябақтарға қыдыруды 57%-ы көрсетсе,  ал 5%-ы ешқандай отбасылық дәстүрді ұстанбайтындығы анықталды. Тұлғаларда жеке шекара мен құндылықтардың салауатты қалыптасуы жөнінде 65%-ы білмейміз десе,  25%-ы білетінін айтқан, 10%-ы жауап жазбаған. 67% респондеттің қаржыны жұмсауда білімінің болмауы анықталса, 35% респондеттің қаржылық білімі орта деңгейде екендігін көрсетті. Тұлғалардың физиологиялық ерекшеліктері мен репродуктивті денсаулық жөнінде білімі 78% респондентте жоқ екіндігі, 22%-ында тек өз репродуктивті денсаулығы жөнінде білімі бар екендігі анықталған. Жұбымен төсек қатынастардағы мәселелер жөнінде талқыламайтын 55% респондент анықталса, ал 30%-ы кей-кездерде, 15% респондет талқылайтынын айтады. Қатысушылырадың эмоцияларды тани білмейтіндігі және коммуникациалық дағдының қалыптаспағаны жөнінде 100%-ы расталды, - дейді «Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қалалық филиал басшысы.

Тренинг барысында анықталған мәселелер:

Терапия барысында анықталған мәселелер:

 Зорлық-зомбылық туралы қоғамда қате түсініктер қалыптасқан

Жәбірленуші, яғни «жәбірленуші – тек әйел!», Жәбір көрсетуші, яғни «агрессор – тек еркек!» - делінетін, қоғамда қисық ұғым қалыптасып келеді. Неліктен? Аналогиялық ойға сүйенсек: физикалық тұрғыдан ер адамның күші, әйел адамның физикалық күшімен салыстырғанда басым екендігі жаратылысы мен табиғатынан хақ дүние. Бірақ та «ер адам – агрессор» немесе «әйел адам – жәбірленуші» - деп ой түю негіссіз. «Агрессор» мен «жәбірленуші» ұғымы  адамдағы «психологиялық типтің – салауатсыз болмысы» екендігі жөнінде түсінікті етіп қоғамда дәріптелмегендіктен орын алып отырған мәселе, - дейді Шерхан Арапбай.

«TATULYQ» әлеуметтік жобасы жетекшісінің айтуынша, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек ерлі зайыптылардың ортасында болатын кикілжіңде орын алатын процесс» деп тану - қате ұғым. Отбасындағы мүшелердің арасында, яғни «ата-ана  мен бала», «бауырлар», «ерлі зайыптылар» және «туыстар» арасындағы орын алатын кез-келген мәселелерде кикілжіңді салауатсыз шешу түрі – «тұрмыстық зорлық-зомбылық» әрекеті болып танылады.

Табиғи тәуелділік пен психологиялық тәуелділікті айыра білмеу мәселесі: Табиғи тәуелділіктегі адам отбасы мүшелеріне үш деңгейде тәуелді бола алады: медициналық тұрғыда мүгедектігі бар адам – физиологиялық және экономикалық тұрғыда отбасы мүшелеріне тәуелді. Бала күтімімен үйде отырған ер/әйел азамат – экономикалық тұрғыда табыс табушы адамға тәуелді. 0 мен 18 жасқа дейінгі бала ата-анасына – физиологиялық, экономикалық және эмоционалды тәуелді екендігін ескеру маңызды, - дейді ол.

Қалған жағдайларда психологиялық тәуелділіктерді қиялдан жасап алу мәселесінің салдарынан кекілжің туындайды. Бұл тұста – психологиялық көмек алу мақсатта мамандарға жүгіну қажеттігі туындайды.

Алматы аудандық полиция басқамасының Әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы,  полиция капитаны Айжан Аралбаева агрессордың психолог маманмен жұмыс істеуі маңызды екенін айтады.

Полиция мамандары қанша жерден қоғамның тыныштығын күзетуші болғанымен, әркімнің отбасындағы жеке мәселелерінен бейхабар. Бірақ сол мәселе ушықпас үшін алдын алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуден шаршамайды. Соңғы уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселеде де  осындай.  «Сенімен болашақ» РҚБ Астана филиалымен бірлесе өткізген жобада көз жеткізгендей,  құқық бұзушы өз кінәсін шын жүректен түсініп, мойындай бастаса бұл болашақта құқық бұзушылық деңгейін айтарлықтай төмендететініне куә болдық. Агрессор мен психолог арасындағы әңгіме полиция қызметкерінің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді. Өйткені полиция маманында психолог біліктілігі жоқ, сондықтан  агрессормен сөйлескен кезде тек  қылмыстық және әкімшілік құқық нормаларын айтып бере алады. Ал бұл іске психолог араласқанда құқық бұзушының жанжалдан зорлық-зомбылықсыз шығудың жолын тапқаны жиі байқалды, - деді полиция капитаны.

Фото: «Сенімен Болашақ» РҚБ

Отбасында болған даудың соңы неліктен зорлық-зомбылыққа ұласады?

Кез келген отбасында кикілжің болатыны мәлім, бұл жөнінде «Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деген «мәтелді» жақсы білеміз. Бірақ, бұл отбасында зорлық-зомбылық болуы қалыпты немесе орынды деген мағынаны білдірмейді! Кез-келген кикілжің - қалыпты жағдай. Кикілжіңнің болуы – екі немесе үш тараптың ойларының бір арнаға тоғыспай, ой қақтығысының орын алу мүмкіндігінен туындайды. Ал кикілжіңді салауатсыз тұрғыда шешу - бұл екінші мәселе, яғни «зорлық-зомбылықтың орын алуына рұқсат беру немесе зорлық-зомбылық әрекетін қолдану» деп айтуға болады.

Отбасындағы кикілжіңнің соңы зорлық-зомбылыққа ұласудағы басты мәселе – эмоцияны тани алмау мен салауатты коммуникацияның қалыптаспауы.

Кез келген зорлық-зомбылық эмоционалды зорлықтан бастау алады. Эмоционалды зорлық түрін үш типте алып қараймыз:

Екі тараптың арасында келісім мен жауапкершіліктің салауатты үрдісіне мән бермеу.

Фото: «Сенімен Болашақ» РҚБ

Алдын алуды  кімдерден бастаймыз?

Алдыңғы жүріп өткен арбаның қисық ізін қайта түзеу үшін, арбаны жолдың басынан бастап жүргізу қажет болады. «TATULYQ» тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған әлеуметтік жобасы нәтижесінде: зорлық-зомбылық факторларын айқындайтын және салауатты коммуникацияны қалыптастыратын методикалық кітапша негізінде конструктивті дәрістер әзірленіп, салауатсыз коммуникацияны саналы жеткізетін әлеуметтік бейнеролик түсірілді.   

Қоғамда зорлық-зомбылықсыз мәдениет қалыптастыру үшін бүгінгі жаңа буын жастарымызды, жоғарыда айтып дұрыс ақпараттармен сауаттандыру қажет. Әлбетте бұл тұста кімдерді сауаттандыра аламыз және кімдерге профилактикалық көмек көрсете аламыз?

 

«TATULYQ» әлеуметтік жобасы зерттеуі мен профилактикалық жұмысын одан әрі жалғастыра ма?

Қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру ісінде «Сенімен Болашақ» РҚБ-ның 10 тақырыптық бағытының бірі – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу». Қоғамда зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыру – ұрпақ саулығы мен салауатты қоғам қалыптастырудың бастамасы.

Жоба кезіндегі зерттеліп анықталған мәселелерді бірлестіктің сарапшыларымен талқыға салынып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы кеңейту жұмысын атқару ісінде құралдар жасауда, - деді Шерхан Арапбай. 

Оның айтуынша, 1 жылдық зерттеу мен дәріптеуде қамтылатын әлеуметтік жоба, алдағы 6 ай жинақталған материалдарға апробация жүргізіліп, еліміздің өзге де қалаларында профилактикалық насихаттау жұмысы ретінде іске қосылады деп жоспарлануда.

Отбасындағы әке мен ананың орны мен рөлін салауатты айқындау, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын қалыптастыру – «Сенімен Болашақ» РҚБ басты миссиясы. Қоғамымыздағы ұрпақ өміріндегі мәселеге бей-жай қарамай,  балалардың қауіпсіз өсуіне үлес қосу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы, - дейді «Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қалалық филиал басшысы, «TATULYQ» әлеуметтік жобасының  жетекшісі Шерхан Арапбай.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: