05.03.2024
14:36
19153
Күн жылынады. Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады

Күн жылынады. Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады

Алдағы күндері елімізде ауа райы 15 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар болжанады.

7 наурызда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, жаңбыр мен қар, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, тек еліміздің шығыс аймақтарын қоспағандаға болжам осындай. Қазақстан бойынша тұман күтіледі.

Термометр бағаны 7 наурызда күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 дейін болса, оңтүстікте 5-15 градусқа дейін жылиды.