01.11.2024
14:34
1556
Күн күрт суытады

Күн күрт суытады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен алдығы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады, тек 2-3 қарашада елдің оңтүстік-шығысында, 3-4 қарашада шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде тұман, солтүстікте, орталықта екпінді жел, көктайғақ болады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде күрт төмендейді, елдің орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус жылы, күндіз 8-13 градус жылыға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 3-13, күндіз 15-22 градус жылуға дейін көтерілуі күтіледі.