Криштиану Роналдудың үстінен сотқа арыз түсті

4 Қазан 2023, 17:12 1107

Сауд Арабия біріншілігінде өнер көрсететін "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы да жанжалдың ортасында қалды. Оған зорлық-зомбылық фактісі бойынша үстінен сотқа арыз түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Sky Sports-тың хабарлауынша, американдық Кэтрин Майорга футболшының үстінен арыз түсірген. Қыздың айтуынша, Роналду оған 2009 жылы Лас-Вегаста күш көрсетіп, ешкімге тіс жармау үшін 375 мың доллар берген.

Кэтрин 2018 жылы Криштианудың үстінен сот алғашқы арызын берді. Ал, Роналду өзіне тағылған айыпты мойындамады. 2022 жылдың маусымында Америка құрама штатының аудандық судьясы футболшыны кінәсіз деп таныды.

Биыл күзде Майорға заңгерлерге жүгініп, сотқа арызды қайталап беруге шешім қабылдады. Ол, соттың істі тоқтату туралы шешімінің күші жойылып, 2018 жылы берген арызын қайта қарауды талап етіп отыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: