Криштиану Роналду спорттық мансабы жайлы күтпеген мәлімдеме жасады

Криштиану Роналду спорттық мансабы жайлы күтпеген мәлімдеме жасады

Португалия құрамасының капитаны және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің спорттық мансабын қашан аяқтайтынын жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы ол Про-Лигадағы «Аль-Фейх» командасына қарсы өткен (2:1) кездесуден кейін айтты. Кездесу Роналду үшін сәтті өтті: ол екі гол соқты және өз командасының жеңісіне маңызды үлес қосты.

«Бұл кеш - мен үшін де, бүкіл команда үшін де ерекше болды. Жасыл алаңда әлі де ойнауға деген құштарлық бар, сондықтан мансабымды жақын арада тоқтатуды жоспарламаймын. Футбол ойнау мен үшін әлі де қуаныш пен шабыт көзі», - деді футболшы.

Соңғы статистикаға сәйкес, Роналду Про-Лигада жеті матчта 8 гол соғып үлгерген. 2023 жылдан бері «Аль-Наср» клубында ол 84 кездесу өткізді және қарсыластар қақпасына 82 мәрте дәл соққы жасады.

Айта кетейік, Роналду Португалия құрамасы сапында әлем чемпионатының іріктеу матчтарында 41 гол соғып, жаңа рекорд орнатты. Бұл көрсеткіш оны қазіргі футболдағы ең ірі гол соғушы ойыншылардың біріне айналдырады.

Футбол жұлдызының айтуынша, алдағы уақытта да ол жасыл алаңда өз шеберлігін көрсетуді жалғастырмақ. Оның негізгі мақсаты - командаға жеңіс әкеліп, жанкүйерлерін қуантуды жалғастыру.