29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПортугалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабия клубы "Аль-Насрмен" келісімшартқа отырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақпаратқа сәйкес, 37 жастағы форвардпен келісім екі жылға жасалған.
БАҚ-тардың мәліметінше, Роналду жарнамалық келісімдерді қоса есептегенде жылына 200 млн еуро жалақы алатын болады.
Аталған клубтың директорлар кеңесінің төрағасы Мусали Аль Муаммардың айтуынша, бұл келісім жай ғана тарихи бетті бастау емес, одан да айтулы оқиға.
"Аль-Наср" Сауд Арабиясының сегіз мәрте чемпионы (соңғы титулды 2019 жылы иеленді) атанған клуб.
Роналду журналист Пирс Морганға сұхбат бергеннен кейін дау туындап, "Манчестер Юнайтед" қараша айында онымен келісімшартты үзген еді. Осыдан кейін Криштиану Қатарда өткен 2022 жылғы Әлем чемпионатына аттанды. Алайда ол сәтсіз ойын көрсетті: португалиялық футболшы бес ойында тек бір гол ғана соқты, оның өзінде екі ойынды қосалқы құрам орындығында өткізіп шықты. Жалпы Португалия құрамасы турнирдің ширек финалында Марокко құрамасына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек