04.03.2025
09:39
657
Криптовалюта бағасы күрт өсті

Криптовалюта бағасы күрт өсті

Криптонарықта шарықтау байқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биткоин құны 88 мың доллардан асса, «Солана» криптовалютасы 16 пайызға қымбаттаған.

Бұған президент Дональд Трамптың АҚШ-тың стратегиялық криптовалюталар резервін құру туралы бастамасы түрткі болды. Қорға дәстүрлі биткоиннан бөлек XRP, SOL және ADA токендері кірмек. Оның мақсаты - Құрама Штаттарды әлемдік криптовалюталар орталығына айналдыру.