Көздің көрмей қалуына әкелетін біз елемей жүрген белгілер

17 Желтоқсан 2023, 11:21 8549

Біздің ағзамыз әрдайым қауіптің алдында белгі береді, тек соны дұрыс тани алу керек.

Офтольмологқа көптеген адамдар ауруы асқынып, жағдайы мүшкіл болғанда ғана көрінеді. Көп проблема алғашқы сатысында онша біліне бермеуі мүмкін. Десе де, мына белгілерді есіңізден шығармаңыз. Олар сіздің көзіңізді дер кезінде сақтап қалуға көмегі тиері анық.

Көздің жасаурауы, тұмандануы, дискамфорт әркез тығыз жұмыс графигімен байланысты бола бермейді.

Жүзіп жүрген шіркей немесе көздің алдындағы үтірлер

Кейбір жағдайларда бұлардың себебі анықталған және емдеуді қажет етпейді. Мысалы, сау адамдардың өзі физикалық белсенділігін арттырғанда, компьютер алдында ұзақ отырғанда көз алдынан шіркей не үтір жүзіп өтуі мүмкін. Бұл жағдай бірден артериалды қысымның төмендеуімен, бірер секунд мидағы қан айналымның бұзылуымен байланысты.

Алайда, бір заттан екінші затқа қарағанда жиі осындай белгілерді байқасаңыз  алаңдауға негіз бар деген сөз. Офтольмологтар бұл сигнал көздің ішкі тор қабатындағы түрлі пробеламадан (қабаттану, көз қабатының бұзылысы, қабыну) хабар береді дейді.

Көздің жиі жасаурауы, көзге құм түскендей сезім

Көздің жасаурауын, бір нәрсенің көзге түсіп кеткендей болуын, жарыққа қатты сезімталдықты әрбіріміз сезініп көргеніміз рас. Өмір сүріп жатқан ортамызда бұл проблемалармен жиі ұшырасуымыз – заңдылық. Бірақ, ұзақ уақыт  мазаңызды алса, көз дәрігеріне бару керек деген сөз. Ол құрғақ көз симптомы болуы мүмкін. Бұл бір қарағанда көп кездесетін қалыпты симптом болып көрінгенімен, оның артында үлкен қауіп жатыр. Көздің бұл дерті тамызатын дәрімен емделе салады десеңіз қателесесіз.

Көз алдыңыздың тұмандануы, заттардың бұлыңғырлануы

Аталған белгілер катарактаның алғашқы сатысы болуы ықтимал. Бұл көз бұршағының өз функциясын жоғалтып жатыр дегенді білдіреді. Бұрын ктарактамен  алпыстан асқандар ауырса, қазір орта жастағы емделушілер көп. Мұны көз бұршағын ауыстырып қана жеңуге болады.

Жарыққа қарағанда түрлі-түсті дөңгелектердің пайда болуы

Бұл көзімізді, басымызды ауыртатын белгі. Ол глаукоманың алғашқы сатысы деп біліңіз. Яғни, ішкі көздің қысымы артып, көру талшықтары өзгеріске ұшырап жатыр деген сөз. Лазерлі хирургияның араласауымен ғана глоукоманы емдеуге болатынын ұмытпаңыз. Катаракта секілді бұл дерт те жыл өткен сайын жасарып келеді.

Алыстан немесе жақыннан мәтінді оқуда қиындықтардың туындауы

Заттардың екі еселенуі, суреттердің көмескіленуі рефракциядағы бұзылыстардың, яғни көздің көруінің нашарлауын білдіреді. Бұл жақыннан көрмеушілік, алыстан көрмеушілік, астигматизм, персбиопия болуы мүмкін. Бұзылыс кез келген жаста орын алуы ықтимал.

Қашан шұғыл офтольмологтың консультациясы керек

Ілгеріде айтылған симптoмдар пайда болғанда үйден емделуге болмайды. Міндетті түрде дәрігердің қабылдауында болғаныңыз жөн. Одан бөлек, елемей қоюға болмайтын бірнеше симптом бар:

- ұзақ уақыт көзіңіз қатты ауырып жатса;

- көз жарақатын алсаңыз;

- көзіңізге химиялық зат немесе қатты дене тисе;

- көзіңіздің алдынан дақ немесе шіркей кетпей жатса;

- линза жоғары қабаққа кетіп, ала алмай жатсаңыз міндетті түрде көз дәрігеріне барыңыз.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: