Костенко шахтасында көмір өндіруге белгілі мерзімге дейін тыйым салынды

13 Қаңтар, 21:25 947
Костенко атындағы шахтада болған апаттан кейін көмір өндіруге тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "QARMET" компаниясына сілтеме жасап.
 
Аталған шахтада болған апаттан кейін Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатты. Ал компанияның атауы "Qarmet" болып өзгертілген еді. 
 
Өткен жылы 28 қазанда көмір шахтасында жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тапты. Тағы 28 кенші жарақат алған. Оқиғаның себебін тексеру бойынша құрылған үкімет комиссия трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі деген қорытынды шығарды. Қазіргі кезде 19 адам тартылып жатыр. Шахтаның қазіргі жағдаймен танысу үшін Qarmet тобы апат болған аймаққа жақын 600 метрден астам тереңдікке дейін түсіп, сол маңайдың жай-күйін көзбен көрді.
Андрей Лаврентьев пен Вадим Басиннің атынан Qarmet басшылығы жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Алайда трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды", - деп жазылған ресми хабарламада.
Кәсіпкер Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының үлесін сатып алды. Ал Вадим Басин бас директор қызметіне тағайындалған болатын. 
Перизат Саденова
Бөлісу: