Түркиядан шыққан саяхатшылар Ақтөбенің Темір ауданына аялдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Темір ауданының әкімдігі Түркияның Анкара қаласынан шыққан саяхатшы ерлі-зайыптыларды Ақтөбе-Астрахань тасжолынан күтіп алды. Оларға құрмет көрсетіп, дәм ұсынды. Өз кезегінде түрік саяхатшы-блогерлері құрмет үшін алғысын білдірді. Қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм ұсынылып, аудан өнерпаздары мен жастары сый-құрметтерін көрсетті.
Олар Ақтөбе-Астрахань автомагистралі бойындағы «Бопай» жол бойы қызмет көрсету орталығына орналасты.