Көшпенділер ойындарында тәртіп сақшысы қола жүлде иегері атанды

9 Қыркүйек, 21:18 480

Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкері Асылмұрат Бірімжан мас-рестлингтен қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 65 келі салмақта додаға түсіп, моңғолиялық спортшыны 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Асылмұрат Ұлытау ауданы Шеңбер ауылында дүниеге келген. Жұбайы екеуі бір ұлды тәрбиелеп отыр. Жастайынан спортты жанына серік етіп, түрлі жарыстарда жеңіске жеткен.

Перизат Саденова
Бөлісу: