Көшпенділер Ойындары аясында Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

20 Шілде, 20:43 1323

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күнінде Димаш Құдайбергеновтің жеке концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әншінің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желіде жариялады. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына" дайындық басталып кетті.Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз.Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер , тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар. "Келеді барлық әлем Астанаға, Қонады Астанаға барша құстар! " деген әнімізбен баршаңызды күтеміз!", - деп жазды ол. 

Бұған дейін Димаш Құдайберген К\онцертті еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдап отырған айтқан болатын. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды.

Зарина Арман
Бөлісу: