Көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматы депортацияланды

25 Қаңтар, 02:15 749

«Астана-Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызында отырған өзбекстандық азамат елден депортацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара барысында Тараз станциясы теміржол вокзалының перронында «Астана-Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызына тексеру жүргізіліп, ҚР Халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 2001 жылы туылған азаматы анықталған. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 4-бөлігіне сәйкес (шетел азаматтарының заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде елден кетпеуі) әкімшілік хаттама толтырылған. Іс-құжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған құқық бұзушыға сот қаулысына сәйкес, әкімшілік жолмен елден шығарылып, 5 жылға дейін Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды делінген Көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: