Көшеде жалаңаш жүрген павлодарлық ұсталды

5 Сәуір 2023, 19:28 1683

5 сәуір сағат 17:30 шамасында Павлодар қаласының Лермонтов көшесінде жалаңаш, киімсіз жүрген 31 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әрі қарай талқылау үшін ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ер адам өз әрекетінің себептерін түсіндіре алмады, - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік шара қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

EL.KZ
Бөлісу: