13.10.2025
15:16
494
Көшбасшыларға арналған сегіз кітап: команданы басқару және бірге даму жолдары

Көшбасшыларға арналған сегіз кітап: команданы басқару және бірге даму жолдары

Қатаң бақылаусыз жақсы нәтижеге қалай жетуге болады? Өз энергияңды сарқымай, команданы да күйзелтпей қалай жұмыс істеуге болады? Бүгін біз осы сұрақтарға жауап беретін ең пайдалы сегіз кітапты ұсындық, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл тізім орта және жоғары буын менеджерлеріне, кәсіпкерлерге және командамен жұмыс істейтін барша адамға арналған.

Натан Краклауэр, Бьорн Биллхардт – «MBA 12 аптада. Бизнесті басқарудың негізгі дағдылары»

Кімге арналған: менеджерлерге, команда жетекшілеріне, кәсіпкерлерге.

Не үйретеді: команданы ынталандыру, дамыту және сандар мен адамдар арасындағы теңгерімді табу.

Көлемі: 362 бет.

Қайдан алуға болады: электронды және қағаз нұсқасы бар.

Бұл еңбек – менеджмент негіздеріне арналған тамаша кіріспе. Автoрлар қаржылық көрсеткіштерді түсініп, оларды бизнестің құнын арттыру үшін қолдану тәсілдерін, сондай-ақ нәтижеге бағытталған команданы қалай құруға болатынын түсіндіреді. Кітапта халықаралық корпорациялар мен отбасылық бизнес мысалдары, нақты стратегиялар мен басқару құралдары келтірілген.

Чжун Цзявэй, Вэнь Я – «Бизнес EQ. Басшылықпен, әріптестермен және клиенттермен тиімді қарым-қатынас кілті»

Кімге арналған: басшыларға, менеджерлерге және клиенттермен жұмыс істейтін мамандарға.

Не үйретеді: эмоционалды интеллектіні дамыту, сенім орнату, келіссөз кезіндегі эмоцияны басқару және тиімді коммуникация құру.

Көлемі: 304 бет.

Қайдан алуға болады: электронды нұсқасы.

Эмоционалды интеллект (EQ) – өз сезіміңді және өзге адамдардың эмоцияларын түсіну әрі басқару қабілеті. Бизнес әлемінде бұл қабілет кәсіби дағдылардан кем түспейді. Кітапта авторлар EQ-ді дамыту жолдарын және оны нақты жұмыс жағдайында қалай қолдануға болатынын көрсетеді.

Рэй Далио – «Принциптер. Өмір және жұмыс»

Кімге арналған: кәсіпкерлерге, топ-менеджерлерге және команда жетекшілеріне.

Не үйретеді: өмір мен жұмысқа арналған ережелер жүйесін қалыптастыру, ашықтық мәдениетін дамыту, қателіктерден сабақ алу және оларды өсу мүмкіндігіне айналдыру.

Көлемі: 636 бет.

Қайдан алуға болады: электронды және қағаз нұсқалары бар.

Bridgewater Associates компаниясының негізін қалаушы Рэй Далио бұл кітапта өзінің 200 басқару қағидасын бөліседі. Ол сенім мен ашықтыққа негізделген корпоративтік мәдениетті қалай қалыптастыруға болатынын түсіндіреді.

Жан-Франсуа Зобрист – «Сенім арқылы басқару. FAVI компаниясының тәжірибесі»

Кімге арналған: басшыларға, HR-мамандарға және кәсіпкерлерге.

Не үйретеді: сенім мен құндылықтарға негізделген басқару, автономды командалар құру, ашық мәдениет қалыптастыру.

Көлемі: 416 бет.

Қайдан алуға болады: электронды және қағаз нұсқасы бар.

Автор орталықтандырылған бақылаудан бас тарту арқылы өз зауытында өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе құрған тәжірибесін бөліседі. Бұл еңбек компаниядағы құндылықтар мен сенімнің тиімділігін дәлелдейтін нақты мысал.

Сергей Буканов – «Гибридті командалар. Қашықтан жұмысты басқару жолдары»

Кімге арналған: басшыларға, HR-мамандарға және менеджерлерге.

Не үйретеді: сенімге негізделген қашықтан басқару, өнімділікті бақылаусыз сақтау, команданың белсенділігін арттыру.

Көлемі: 200 бет.

Қайдан алуға болады: электронды нұсқасы бар.

Қашықтан жұмыс жаңа нормаға айналды. Автор гибридті командаларды тиімді басқару, асинхронды коммуникацияны ұйымдастыру және команда ішіндегі сенімді сақтау тәсілдерін ұсынады.

Андрей Шаронов, Елена Дубовицкая – «Тұрақты даму. Бизнестің ұзақмерзімді құндылығын қалыптастыру»

Кімге арналған: топ-менеджерлерге және бизнес иелеріне.

Не үйретеді: әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін дамыту, бизнес пен қоғам мүдделерін тең ұстау.

Көлемі: 292 бет.

Қайдан алуға болады: электронды және қағаз нұсқасы бар.

Кітапта ESG қағидаларының бизнесті басқаруға қалай әсер ететіні көрсетіледі. «Сбер», X5 Group, РУСАЛ және басқа ірі компаниялардың тәжірибесі негізінде экология мен этиканың бизнестің өсуіне ықпал ететіні түсіндіріледі.

Эрик Берн – «Адамдар ойнайтын ойындар. Адам қарым-қатынасының психологиясы»

Кімге арналған: басшыларға, менеджерлерге және HR-мамандарға.

Не үйретеді: қарым-қатынастағы бейсаналық сценарийлерді тану, қақтығыстардағы жасырын рөлдерді анықтау, сау коммуникация құру.

Көлемі: 198 бет.

Қайдан алуға болады: электронды және қағаз нұсқасы бар.

Эрик Берн адамдардың бір-бірімен қалай әрекеттесетінін, «ата-ана», «бала» және «ересек» рөлдерін қалай ойнайтынын түсіндіреді. Бұл еңбек басшыларға өз мінез-құлқын сырттай бағалауға және командада сенімге негізделген мәдениет қалыптастыруға көмектеседі.

Али Абдаал – «Өмір, ойын және өнімділік. Маңызды істерге назар аударып, жұмыс процесінен ләззат алу жолы»

Кімге арналған: менеджерлерге, тимлидтерге және кәсіпкерлерге.

Не үйретеді: жұмысты ойынға айналдыру, күйзеліссіз өнімді болу, мотивация мен қызығушылықты сақтау.
Көлемі: 311 бет.

Қайдан алуға болады: электронды және қағаз нұсқасы бар.

Али Абдаал – дәрігер әрі танымал блогер. Ол өнімділік пен мотивацияны ғылыми тұрғыдан зерттеп, жұмыс процесін ойын сияқты жеңіл әрі қызықты ету тәсілдерін ұсынады.