Коронавирустан 759 науқас емделіп жатыр

11 Қараша 2022, 09:12 942

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді

11 қарашадағы мәлімет бойынша елімізде 759 адам коронавирус инфекциясынан (–605+ және 154 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды El.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың ішінде 72 пациент стационарда, 687 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратымен дем алып жатыр», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстандавакцинаның бірінші компонентімен 10 844 845 адам қамтылса, екінші компонентін 10 608 403 адам алып үлгерді. Ревакцинацияланғандар саны – 5 639 586

EL.KZ
Бөлісу: