21.02.2023
09:28
1080
Коронавирустан 1,6 мыңнан аса адам ем қабылдап жатыр

Коронавирустан 1,6 мыңнан аса адам ем қабылдап жатыр

21 ақпандағы мәлімет бойынша, 71 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 641 адам коронавирус инфекциясынан (–1 476+ және 165 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 131 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.