Қазақстанда 28 531 адам коронавирустан емделіп жатыр

5 Тамыз 2022, 09:13 1064

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімет берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды,– деп хабарлайды El.kz.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 28 531 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 28 247 (КВИ+) науқаста коронавирус инфекциясы, 284 (КВИ-) науқаста коронавирус белгілері бар пневмония анықталған.

Барлық пациенттердің 1 466-сы стационарда, 27 065-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 37 адамның жағдайы ауыр;

- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу: