Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 26 адамның жағдайы ауыр, 6 науқасқа өкпені жасанды желдету аппараты қосылған, – деп хабарлайды El.kz порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
15 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 22 949 адам коронавирус инфекциясынан (–22 647+ және 302 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 1 185 пациент стационарда, 21 764 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 26 адамның жағдайы ауыр, 9 пациенттің жағдайы өте ауыр, 6 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.