ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды El.kz.
29 тамыздағы дерек бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 18 425 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирустан – 18 074 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 351 (КВИ-).
573 пациент стационарда жатса, 17 852 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 18 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.