10.09.2025
23:12
450
Көрнекті қаламгер Қайым-Мұнар Табеев өмірден озды

Көрнекті қаламгер Қайым-Мұнар Табеев өмірден озды

Көрнекті қаламгер, көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеев өмірден озды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қайым-Мұнар Табеевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып, ел руханияты жолында қалтқысыз қызмет етті. Оның қаламынан туған мақалалары, Желтоқсан оқиғасы туралы зерттеулері, сондай-ақ ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан шығармалары ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай,-делінген көңіл айту хатында.