Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының командалық көпсайыс бәсекесінде Қазақстан құрамасы күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Эльжана Таниева, Эрика Жайлауова және Милана Парфилова бастаған ұлттық құраманың үштігі 4 жаттығудан кейін 317.100 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, ұлттық құрама сапында Астана қаласының үздік гимнасшыларының бірі Эрика Жайлауова өнер көрсетті.
Енді жекелей бағдарламадағы үздіктер белгілі болады. Медаль жолында барлығы 23 таңдаулы атлет бақ сынайды.