Көркем гимнастика: Қазақстан құрамасы Ресейдегі халықаралық жарыста жүлдеге ілікті

7 Маусым, 20:54 433

Ресейдің Омбы қаласында көркем гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаеваның жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Алғашқы жарыс күнінде топтық жаттығудан Қазақстн командасы көпсайыстан қола жүлдегер атанды. Бұл сында алтынды Ресей, күмісті Беларусь құрамалары иеленген. 

Айта кетелік, халықаралық турнирде топтық жаттығудан бөлек, Милана Парфилова, Зере Бақытжанқызы, Рабия Аманқос және Надия Қанапия өнер көрсетеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: