15.09.2025
12:53
368
Көркем гимнастика: Айбота Ертайқызы Гран-приде екі медаль жеңіп алды

Көркем гимнастика: Айбота Ертайқызы Гран-приде екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.