Көркем гимнастика: Айбота Ертайқызы Гран-при турнирінде үш медаль жеңіп алды

1 Сәуір, 11:22 527

Францияның Тье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қазақстандық Айбота Ертайқызы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, Айбота шығыршық пен таспадағы жаттығудан күміс медаль иеленді. Ал доптағы жаттығудан финалдық сында қола медаль жеңіп алды. 

Айта кетелік, Айбота Ертайқызы биылғы маусымда өзі қатысқан турнирлердің бәрінен медаль алып келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: