14.11.2025
11:16
1231
«Көрініп тұр»: АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлының артықшылығы айтылды

«Көрініп тұр»: АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлының артықшылығы айтылды

Premier Boxing Champions (PBC) тележобасының Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына арналған жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жәнібек осы жекпе-жекте IBF және WBO белбеулерін қорғайды және қарсыласы – кубалық Эрисланди Лараның WBA титулын қоржынына салуды көздейді.

«Kazakh Style-мен» жұдырықтасу қалай болады екен дейсіз бе? Оның түрінен-ақ бәрі көрініп тұр. Жәнібек 6 желтоқсанда WBA, WBO және IBF әлем чемпионы атақтарын біріктіру үшін Ларамен кездеседі, – делінген Әлімханұлының нокауты жарияланған жазбада.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара жекпе-жегі 6 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен 7 желтоқсанның таңы)! АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында өтеді.