Кореяның елшілік-министрі Ақтаудың Достық үйінде болды

11 Желтоқсан 2019, 07:01 2129

Жоғары мейманды облыстық ҚХА-ның хатшылық меңгерушісі Гүлжан Исмурзина мен «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова қарсы алды.


Қонақтар Достық үйіне кіре берісте ұйымдастырылған ақ дастарханнан қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, кейін Достық үйінің тұрмыс-тіршілігімен танысты.


Дөңгелек үстел басындағы екіжақты кездесу барысында тараптар қазақстан-корей қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын талқылады.


Елшілік-министр өз кезегінде ұйымдастырылған кездесуге алғысын білдіре отырып, Корей елшілігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара достыққа негізделген байланыстар одан әрі нығая түсе беретіндігіне зор сенім білдірді.


Бөлісу: