Корея әуежайынан қашқан қазақстандықтар ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін

5 Маусым 2023, 21:50 727

Оңтүстік Корея әуежайынан қашқан қазақстандықтар ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. Айтуынша, осы және басқа да бұзушылықтар үшін оларға ұзақ мерзімді жаза сұралуы ықтимал.  

Алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданып, мәліметтер нақтыланатын болады. Олар Оңтүстік Корея аумағында жазаланады. Әрине, ауыр бұзушылық. Оларға қылмыстық құқық бұзушылықтар ғана емес, қаржылық құқық бұзушылықтар бойынша да айып қосылды. Олар келтірген зиян үшін өтемақы төлеуі керек. Сондықтан біз сот шешімін күтіп отырмыз, бірақ ола ұзақ мерзім сұрауы мүмкін, - деді ведомствоның ресми өкілі.

Биыл 27 наурызда Оңтүстік Кореяға заңсыз барған екі қазақстандық Инчхон халықаралық әуежайынан қашып, шекараны заңсыз кескені белгілі болды. Олардың бірін кейін жергілікті полиция сақшысы ұстаған, екіншісі кейін кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен берілген.

Перизат Саденова
Бөлісу: