Корей әндерінің облыстық фестивалі

21 Сәуір 2018, 10:33 1861

21 сәуірде Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен кәріс әндерінің облыстық фестивалі өтті.

Қарағанды облысы кәрістерінің этномәдени бірлестігі аталған фестивальді жыл сайын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Фестивальдің мақсаты – дарынды бүлдіршіндерді анықтау және оларға қолдау көрсету, кәріс халқының ұлттық өнерін насихаттау.

Байқауға вокалдық ансамбльдер, жеке орындаушылар, түрлі музыкалық аспаптардың құлағында ойнайтын шеберлер қатысты.

Байқаудың іріктеу кезеңі алғаш рет облыстың қала және аудан аймақтарында өтті. Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларының қатысушылары ең белсенді болды. Ал Теміртау қаласының қатысушылары II кезеңде қойылатын талаптарды I кезеңде орындап, қазылар алқасының көзіне түсті.

Фестиваль аясында вокалды ансамбльдер мен жеке орындаушылар екі кезеңнен тұратын ән байқауында үш арнаулы топқа бөлініп, сайысқа түсті. Байқауға қатысушыларды музыка, актерлік шеберлік және кәріс тілінің  мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады.

Бағдарлама аясында фестиваль қатысушыларының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар, байқау жеңімпаздары мен Қарағанды облысы кәрістері этномәдени бірлестігінің «Мугунхва» халық ансамблі қатысқан гала-концертімен аяқталды.

 

Бөлісу: