Көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

1 Сәуір 2024, 19:20
750
Астанада 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында өрт шықты. Оқиға Сарыарқа ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының көмегімен тұрғындар эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілер үш ересек адам мен бір баланы құтқарды. Олардың бірі - ерекше қамқорлықтағы әйел, - делінген ТЖМ ақпаратында.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу: