14.12.2023
13:30
1296
Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленді

Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленді

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленгені белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері орта есеппен 540,8 мың көпбалалы отбасы жалпы сомасы 376,6 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы алды.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға бірге тұратын 4 және одан көп кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға табысты есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылы1 қаңтардан бастап енгізілді.