Көпбалалы ауыл тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасымен бизнесін дөңгелетіп отыр

30 Қаңтар, 23:29 950

Түркістан облысы Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының тұрғыны мемлекеттік жоба аясында бизнесін дөңгелетіп отыр. Көпбалалы ана кондитерлік цех ашқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Муаттар Азизова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-дық несие алып, кондитерлік цех ашқан. Кәсіпкер 7 млн 700 мың теңге көлемінде несие алып, кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған құрал-жабдықтарын сатып алған.

Көпбалалы ананың бұл саланы қолға алғанына 10 жылдан асқан. Оның айтуынша, кондитер цехын іске қосқалы сұраныс артыпты. Алдағы уақытта отбасылық кәсібіне наубайхана жұмысын да іске қосуды жоспарлап отыр.

Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғыны бүгінде күніне 15 келідей бәліш түрлерін, 150-200 самса, тапсырысқа орай түрлі тәтті тоқаштар пісіреді. Жасаған өнімдері ауыл тұрғындарынан-ақ артылмайды. Негізгі мамандығы журналист Муаттар Азизова бұл салада 15 жылдай қызмет етіп, кәсіпкерлікке бет бұрған. Отбасында үлгілі келін, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: