Конституцияның 83-ші бабына сәйкес заң жобасы әзірленді

2 Қыркүйек 2022, 13:51 1469

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Қазақбайұлы Шындалиев баяндама жасады

Президент наурыз айындағы Жолдауында Прокуратура мен Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заңдар қабылдау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев баяндама жасады.

«Осыған орай және Конституцияға енгізілген түзетулерді басшылыққа ала отырып әзірленген Конституциялық заң жобасын ұсынып отырмыз. Жалпы Заң жобасы Конституцияның 83-ші бабына сәйкес әзірленді. Бұл баптың 1-ші тармағы өзгерген жоқ. 2017 жылғы 10 наурыздағы редакцияда қолданылады», – деді Ә.Шындалиев.

Конституцияның бұл бабында прокуратураның негізгі функциялары бекітілген. Олар – мемлекет атынан жоғары қадағалау мен қылмыстық қудалауды жүзеге асыру және сотта мемлекет мүддесін білдіру.

«Конституцияда жоғары қадағалау және сотта мемлекет мүдделерін білдіру заңда белгіленген шектерде және нысандарда жүзеге асырылады делінген. Заң жобасында біз осы конституциялық ұстанымдардың шегінен шықпаймыз, тек прокуратураның қадағалау және басқа да өкілеттіктерін нақтылап ашып, бір жүйеге келтіреміз»,–деп мәлімдеді Ә.Шындалиев.


Бөлісу: