Конституциялық реформа. Қандай өзгеріс енгізіледі?

6 Мамыр 2022, 11:25 3519

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы.

1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. 4-баптың 1- тармағындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын.
  2. 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.».

  1. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады.».

  1. 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Республика Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының төрағалары мен
судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері саяси партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.».

  1. 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.».

  1. 42-бапта:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.»;

2) 5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.

https://egemen.kz/article/311406-zhoba-qazaqstan-respublikasynynh-konstitutsiyasyna-ozgerister-men-tolyqtyrular-e

Бөлісу: