24.08.2023
10:46
1495
Конституция күніне орай бәйгеден турнир өтеді

Конституция күніне орай бәйгеден турнир өтеді

Астана әкімдігінің қолдауымен Конституция күніне орай бәйгеден республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Желмен жарысқан жүйріктер жарысы «Қазанат» ипподромында өтеді. Жарыс қалалық ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы ұйымдастыруымен өтеді. 

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық шабандоз жиналады. Жарыс бағдарламасында 11 шақырымдық «ұшқыр», 18 шақырымдық «топ» және 25 шақырымдық «аламан» бәйге бар.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

Көрермендер үшін кіру тегін.