«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл 30 тамыз сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Конституция күнінің құрметіне қазақстандықтар 1 күн демалады. Яғни, сәрсенбі күні демалыс болады. Мерекеге орай концерт, мерекелік іс-шаралар өтеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданды.