Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы нені білу керек?

12 Мамыр 2022, 11:53 3353

ҚР Әділет вице-министрі Мұқанова Алма Қайратқызының мәлімдемесі.

Бүгін, ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы нені білу керек екені жайында ҚР Әділет вице-министрі Мұқанова Алма Қайратқызы мәлімдеме жасады.

Референдум республикамыздың барлық аумағында 5 маусым күні өткізілетін болады. Референдумде конституцияға түзетулер қабылдау мәселесі көтерілетіні белгілі. «Оған елдің кәмелетке толған азаматтар қатыса алады. Қазіргі таңда референдумге құқығы бар азаматтардың тізімі жасақталып жатыр»,- деді Алма Қайратқызы.

«Алма Қайратқызының сөзінше, қазір қазақстанда 17 өңір бар. Жаңа үш облыстың құру туралы жарлығы осы жылдың 8 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі. Сондықтан 5 маусым күні өткізілетін референдумге 17 өңір қатысатын болады. Егер 11 облыс халқы жақтап дауыс берсе, онда түзетулер қабылданды деп есептеледі. Референдум халықтың еркіне берілетін болады»,- деді ҚР Әділет вице-министрі.

Конституцияға енгізілетін түзетулердің негізгі бағыттарына Алма Қайратқызы тоқталып өтті.

1. Президенттің лауазымына байланысты шектеулер.

2. Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты барлық нормаларды алып тастау.

3. Жерді оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау.

4. Кейбір адамдардың лауазымына байланысты шектеулер.

5. Өлім жазасын жою.

6. Мәжіліс алдында жылына екі рет республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беретін Жоғары аудиторлық палата құру.

7. Құқық қорғау институттарын күшейту.

8. Конституциялық сотты құру.

9. Парламенттің қалыптасу моделін және сайлау жүйесін өзгерту.

10. Заңдарды қабылдау жүйесін өзгерту.

11. Мәжбүрлі еңбекті қолдану мүмкіндігі.

12. Облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту.

Айта кетерлігі, Конституциялық кеңес Президенттің, премьер министрдің, парламент депутаттарының және соттардың өтініштерін қарастырып келген. Енді адам құқықтары жөніндегі уәкілге, бас прокурорға, және ең бастысы азаматтарға конституциялық сотқа жүгіну құқығын беру ұсынылып отыр.

«Бұл дегеніміз министрліктердің қандай да бір қағидалар мен тәртіпті бекіткен бұйрықтары, әкімнің нормативтік актілері және тіпті үкімет қаулыларына дейінгі мәселелерді қамтитын болады.Конституциялық сот актіні оның ішінде сот шешімін шығаруға негіз болған заңды қайта қарауға құқығы болатын болады»- деді Анар Қайратқызы.

Аяулым Қанағат
Бөлісу: