Компьютерде жұмыс істегенде, көзді қалай қорғау керек

28 Шілде 2023, 08:21 1796

Ересек адам, қазір балалардың өзі көп уақытын компьютер алдында өткізеді. Оның зияны туралы да жиі айтылып жүр. Бірақ өміріміздің бір бөлшегіне айналып кеткен монитордан бас тарту мүмкін емес. Сондықтан қос жанарымызды компьютердің әсерінен қорғаудың әдістерін қарастырып көрелік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көздің назарын алып тасталынған объектілерге аудару

Монитордың алдында отырып, бөлменің ең алыс нүктесін көре алатындай етіп компьютерді орналастырыңыз. Ол көзді тынықтыру үшін қажет.

Бұрышта, қабырғаға бетпе-бет немесе терезенің алдында отырмаған абзал. Терезеден түсетін жарық стресс тудыруы мүмкін. Ең дұрысы, есік жаққа қарап отыру, сонда бөлме арқылы барлығы көрінеді.

Кеңес: егер бөлмеңіз тар немесе компьютеріңіз бұрышта тұрса, монитордың қасына айна қойып қойыңыз. Ол көзіңіздің алысқа қарауына, артыңыздағы объектілерге назар салуыңызға көмектеседі.

Дақтардың жоқтығы

Дақтар – көзді ауыртып, назарды өзіне аударатын, монитордың экраны көрсететін жарықтың сәулесі. Дақтардың қайнар көзіне электр шамдарының, күн көзінің, қанық түстердің шағылысу жарығы жатады.

Экранда дақтардың бар-жоғын анықтау үшін суырылып тұрған компьютер орналасқан бөлменің шамын жағу керек. Егер экранның алдында шағылыс не сәуле байқалса, онда тез арада қандай бір шара қолданыңыз.

Дақтарды жою үшін:

- мониторды бұру

- экранда шағылысып тұрған объектілерді орнынан қозғау

- күн көзі экранға түспейтіндей етіп терезені бүркеу

- тітіркендіретін жарықты өшіру немесе азайту

- шамдарды плафонмен бүркеу

- компьютерді жарыққа перпендикуляр етіп орналастыру

- қорғайтын перделер

- күңгірт көзілдірік.

Бөлмені тиісті жарықпен ғана қамтамасыз ету.

Егер сіз дақтардың пайда болуын толықтай тоқтатсаңыз, бөлмеңіз тым қараңғы болып кетуі мүмкін. Ал қараңғы бөлмеде жұмыс істеу қолайсыз.

Бөлмедегі жарық қандай болуы керек? Жарық түсіретін құралдарды өзіңіз бен компьютеріңіздің арасындағы бір сызыққа қоймаңыздар. Ол периферикалық көруді өзіне тартып, психиканың бұзылуына алып келеді.

Сонымен қатар сіз жұмыс істейтін кез келген құжатты жарықтандыру керек. Ол үшін үстелге қоятын шам жеткілікті, бастысы, жарық экранға түспесе болғаны.

Осылардың дұрыс орындалуы көзді тынықтырып, жұмыс атмосферасын жақсартады. Екі психикалық шаршауды тудыратын – көз қаратпайтын жарық және көздің талуын азайтады.

Осы төрт жаттығу компьютермен жұмыс барысында көзіңіздің көру деңгейін барынша сақтауға көмектеседі.

3-5 секунд сайын көзді жыпылықтату

Осы әдісті қолдану көзді дымқылдандырып, тазартады. Бұл көздің көруін жақсартады. Сонымен бірге маңдай және беттің бұлшықеттері босаңсиды.

Ал көзді сирек жыпылықтату көздердің қызарып, оның соңы қышуға әкеп соғады.

Дұрыс жыпылықтату да өте маңызды. Яғни маңдай мен бет қозғалмайды, тек көздің қабағы қимылдайды.

Экранмен ғана шектелмеу

Жұмыс кезінде көз айналадағыны барынша көруі керек. Бұл – сіз экран алдында отырып-ақ айналаңыздағы үстел, қабырға, жаныңыздағы адамдарды, т.б. байқап отыруыңыз керек деген сөз.  Периферикалық көруді назардан тыс қалдырмаңыз, себебі, сол арқылы көздің талуын, психикалық және физикалық шаршауды едәуір қысқартуға болады.

Алыстағы объектілерге жиі қарау

Егер сіз тек мониторға үңілумен болсаңыз, оның салдары көздің тез шаршауына, тиісінше өзге де күрделі ауруларға әкеп соғады. Компьютермен жұмыс барысында қос жанары ұзақ уақыт тынымсыз жұмыс істеген адамның алысты көру қабілеті төмендейді. Сондықтан жұмыс арасында 2-3 минут уақытыңызды аямаңыз.

Мүмкіндігінше көзді компьютердің сәулесінен қорғайтын көзілдірік кию

Барлық көзілдіріктер мен линзалар бірдей емес. Арнайы компьютерлік көзілдірікті кию арқылы көзіңізді түрлі аурулардан сақтауға мүмкіндік аласыз. Егер сізде мұндай көзілдірік жоқ болса, өзіңізге ыңғайлысын сатып алуға асығыңыз.

Перизат Саденова
Бөлісу: