Коммуналдық төлем бағасы өзгеруі мүмкін

15 Шілде 2022, 15:22 2695

Коммуналдық тарифті көтеруге жарияланған 180 күндік мораторий аяқталғанды

Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Министрлік халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізді. Осыған байланысты 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді, бұл халыққа 3,2 млрд.теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мораторий аяқталды», - деді министр.

Оның айтуынша, 2-ші жартыжылдықта тарифтердің ағымдағы жылғы инфляция дәлізі шегінде өзгеруі күтілуде.

«Тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, сондай-ақ, коммуналдық қызметтер тарифтерінің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында келесі шаралар қабылданатын болады: - қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылау; - тұрғын үй көмегі тетіктерін дамыту; - әр аймаққа әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, жеке әдіс көздеу», - деді министр.

Бөлісу: