«Көлсай көлдері» МҰТП аумағында Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы тағы да бейнетұзаққа түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Тянь-Шань қоңыр аюы қайтадан түсіп қалды, - делінген парк мәліметінде.
Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қоңыр аюлардың ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді.
Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.