21.05.2025
02:19
784
"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа қайта түсіп қалды

"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа қайта түсіп қалды

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген қар барысы қайтадан түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.