Көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз: депутаттар заңға қарсы шықты

Бүгiн, 16:00 324

Депутаттар ішкі істер министріне сауал жолдап, осы мәселені қайта қарау керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен Серік Ерубаевтың айтуынша, қатты аяз болған кезде машинаны жылытуға 5 минуттан көп уақыт кетеді.

Жалпы алғанда, орталық және солтүстік аймақтарда қатты аяз болған кезде машинаны жылытуға 5 минуттан көп уақыт кететіндігі анық. Мұндай санкция кәсіпкерлер үшін үлкен проблема тудыруда. Мысалы, тауарларды үй жанындағы дүкендерге тиеу және түсіру кезінде, әдетте, бөлінген 5 минуттан көп уақытты алады, ал қозғалтқышты -20 градус немесе одан да көп температурада өшіру мүмкін емес, - деп түсіндірді Ерубаев.

Айта кетейік, бұған дейін көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынатыны хабарланған болатын.

Диана Орынбасар
Бөлісу: