Көптеген адамдар үшін жүргізуші куәлігін алу – еркіндік пен дербестіктің символы. Алайда қуанышпен қатар қорқыныш та қатар келеді. Көлікті енді ғана тізгіндеп үйреніп жатқандар қателік жасаудан, жол апатына ұшыраудан немесе күтпеген жағдайда дұрыс әрекет ете алмай қалудан қорқады. Шын мәнінде, рөлге отырғанда қорқу – табиғи құбылыс. Бірақ егер бұл сезімді бақылауға алмаса, онда темір тұлпар мінемін деген арманыңызды кейінге шегересіз деген сөз. Осы қорқынышты қалай жеңуге болатынын және көлік жүргізуді ләззатқа қалай айналдыруға болатынын қарастырайық, деп жазады El.kz интернет порталы.
Тәжірибесі жоқ жүргізуші үшін көлік – үлкен жауапкершілік. Әрбір жолға шығу сынақ секілді сезіледі, ал айналадағы машиналар – қауіпті фактор. Әсіресе перфекционизмге бейім адамдар қатты уайымдайды: олар үшін қателік – сәтсіздік. Шын мәнінде, қателесу – үйренудің ажырамас бөлігі.
Психологтардың айтуынша, рөлге отырудан қорқу көбіне тәжірибенің жоқтығынан туындайды. Теория мен практика – екі бөлек нәрсе. Автоинструкторсыз алғаш рет жолға шыққан кезде, ми жағдайды қауіп ретінде қабылдайды.
Бірақ бұл сезімді дұрыс дайындық пен өз-өзіңе деген сенімділікті біртіндеп қалыптастыру арқылы ғана жеңуге болады.
Өз бетіңше көлік жүргізбестен бұрын, барлық негізгі білімнің бекітілгеніне көз жеткізу маңызды. Тіпті емтиханнан өткеннің өзінде, жол жүру ережелерін қайта қарап, белгілер мен бағдаршам сигналдарын еске түсіріп, қиылыстар мен айналмалы қозғалыс ережелерін қайталап шыққан жөн. Бұл – сенім мен бақылау сезімін қалыптастырып, күйзелісті азайтады.
Сонымен қатар жолға шықпас бұрын жүру бағытымен алдын ала танысқан дұрыс. Маршрутты білген адам алаңдамай, тек көлікті басқаруға назар аударады.
Қорқынышты бірден жою мүмкін емес, ол кезең-кезеңмен жойылады. Психологтар мен автоинструкторлар мына тәсілді ұсынады:
Қате: Телефонға алаңдау
Салдары: Назардың бөлінуі, апат қаупі
Шешімі: Дыбысты сөндіріп, «Мазаламау» режимін қосу.
Қате: Дыбысы қатты радио қосу
Салдары: Дыбыстарды дұрыс естімеу, зейіннің төмендеуі
Шешімі: Тыныштық немесе баяу әуен
Қате: Кофе мен энергетик ішу
Салдары: Жүрек соғысы жиілейді, алаңдау күшейеді
Шешімі: Бір стақан су мен жеңіл жаттығу – денені де, ойды да сергітеді.
Егер бірнеше апта өткен соң да уайым басылмаса, тәсілді өзгерткен жөн. Кейде тәжірибелі нұсқаушымен бірнеше жеке сабақ алу көмектеседі. Бұл емтиханға дайындық емес, өз-өзіңе сенімді болу үшін қажет.
Тағы бір нұсқа – психологпен жұмыс істеу. Мінез-құлық терапиясы мамандары қорқыныштың түп себебін анықтап, оны жоюға көмектеседі. Бұл әлсіздік емес, керісінше, өз жайлылығың үшін саналы қадам.
Ең тиімді әдіс – бәрін үйлестіру: алдымен автодромда машықтану, кейін нұсқаушымен шығу, содан соң өз бетіңше жүргізуді бастау.
І миф. «Қорықасаң – жүргізуші бола алмайсың».
Шындық: Жаңадан бастап жатқан кез келген адам қорқады. Уақыт өте қорқыныш кетеді.
ІІ миф. «Тәжірибелі жүргізушілер ешқашан қателеспейді».
Шындық: Қателік бәрінде болады. Маңыздысы – сабыр сақтау.
ІІІ миф. «Әйелдер ерлерге қарағанда рөлде көбірек қорқады».
Шындық: Қорқыныш деңгейі жынысқа емес, темперамент пен тәжірибеге байланысты.
– Алғашқы көлікті қалай таңдаған дұрыс?
Автомат қорабы мен тұраққа қоюды жеңілдететін жүйесі бар көлік ұсынылады.
– Қорқыныш қанша уақытта кетеді?
Орта есеппен 1-3 айда, аптасына 2-3 рет тұрақты жүргізген жағдайда.
– Трассада жүруден қорқамын. Не істеу керек?
Алдымен қозғалысы аз аймақтарда машықтаныңыз, навигатор пайдаланыңыз және оң жақ қатарда жүріңіз.
Ғалымдардың айтуынша, адам 10 рет қатарынан күйзеліске түспей рөлге отырса, қорқыныш деңгейі екі есе азаяды.
Сонымен қатар қосымша контрапаттық курстардан өткендер өзін сенімді ұстайды және қателік аз жібереді. Тіпті көлік жүргізуден қатты қорыққан адамдардың өзі бір жылдан кейін көлік жүргізуді ең тыныш әрі емдік әрекет деп сипаттайды.
Көлік жүргізуден қорқу – қалыпты жайт, бірақ оны жеңуге де болады. Ең бастысы, бірізділік, сабыр және жүйелі тәжірибе.
Адам неғұрлым рөлге жиі отырса, соғұрлым ми жүргізуді қауіп емес, қалыпты әрекет ретінде қабылдайды.
Сөйтіп уайымның орнын сенімділік пен еркіндік, ал жолдың өзін қуаныш пен бақылау сезімі басады.