Көлік салығын төлемегендердің жуырда банктегі есепшоты бұғатталады

11 Мамыр 2023, 10:45 1153

Көлік салығын төлемегендердің жуырда банктегі есепшоты бұғатталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, салық төлемеген азаматтардың жалпы қарызы 27.9 млрд теңгеге жеткен.

26 мамырдан бастап 1 АЕК-тен (3450 теңге) аса берешегі бар борышкерлердің тізімі сот орындаушыларға жолданады. Заңнамаға сәйкес олар банк шоты мен мүлікті бұғаттауға құқылы. Тұрғынның қарызы 40 АЕК, яғни 138 мыңнан асса, елден шығуына тыйым салады.

Салықшылар ақшаны мәжбүрлі өндіргенде «ұмытшақ» көлік иелері жеке сот орындаушыға қызметі үшін жалпы қарыздың 25 %-ын беретінін атап өтті.

Мемлекет алдында қарызыңыз бар-жоғын e-Salyq Azamat қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы білуге болады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: